Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

16 сағат бұрын

Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінде бас жүлдені сарапқа салады

Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінде бас жүлдені сарапқа салады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық Әмір Омарханов (№757 ATP) Тунистегі ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Монастир корттарындағы үстемдігін жалғастыруда.

М15 сериясындағы турнирдің жартылай финалында отандасымыз неміс теннисішісі Лука Виденманнға еш мүмкіндік қалдырмай, 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Титул үшін таласта 18 жастағы Әмір Жаңа Зеландия өкілі Антон Шепппен (№910 ATP) кездеседі. Қарсыласы рейтингте төменірек тұрғанымен, Шепп осы аптада бірнеше мықты ойыншыны жарыс жолынан шығарып, жақсы дайындығын көрсетті.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»