3 күн бұрын
Рыбакина — Путинцева ойыны қашан өтеді?
Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамиде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында өзара кездеседі.
Кездесу АҚШ-тағы Хард Рок Стэдиум аренасында өтеді. Матч Астана уақытымен жұма күнінен сенбіге қараған түні сағат 05:30-да басталады.
Айта кетейік, Путинцева алғашқы айналымда индонезиялық теннисші Джаниче Ченді үш сетте жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын. Ал Рыбакина үшін бұл турнирдегі алғашқы ойын болмақ.
Майами турнирі 17-28 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 9,4 миллион долларды құрайды. Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»