Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Синнер 60 миллион долларлық көрсеткіштен асты

Синнер 60 миллион долларлық көрсеткіштен асты

Италиялық теннисші Янник Синнер Индиан-Уэллсте өткен «Мастерс» турниріндегі жеңісінен кейін мансаптық жүлде қорын 60 миллион доллардан асырды.

Калифорниядағы финалда әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Даниил Медведевті 7:6 (8:6), 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Турнирге дейін Синнердің жүлде қоры шамамен 57 миллион долларды құраған, ал бұл жеңісі үшін ол 1 миллион доллардан астам сыйақы және ATP тарапынан қосымша төлемдер алды.

Осылайша, Синнер 2000 жылдан кейін туған теннисшілер арасында 60 миллион долларлық межеден асқан екінші ойыншы атанды. Бұған дейін бұл көрсеткішке испаниялық Карлос Алькарас жеткен болатын.

Айта кетейік, Янник Синнер «Үлкен дулыға» турнирлерінде төрт мәрте жеңіске жеткен: Australian Open (2024, 2025), US Open (2024) және Уимблдон (2025). Сондай-ақ оның еншісінде оннан астам ATP титулы мен Итогтық турнирдегі жеңіс бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»