2 күн бұрын
Қазақстанның екінші ракеткасы Майамиде жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко ATP сериясындағы Майами турниріндегі жорығын жеңіспен бастады.
Әлемдік рейтингте 84-орында тұрған қазақстандық бірінші айналымда италиялық Маттео Арнальдимен кездесті. Үш сетке созылған тартысты ойында Шевченко 7:6, 6:7, 6:2 есебімен басым түсті.
Келесі кезеңде қазақстандық теннисші америкалық Бен Шелтонмен кездеседі. Ол жарысты екінші айналымнан бастайды.
Айта кетейік, Майами турнирінің жалпы жүлде қоры 9,4 миллион доллардан асады. Жеңімпаз 1,15 миллион доллар және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»