2 күн бұрын
Бублик Майамиде күтпеген жеңіліске ұшырады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP сериясындағы Майами турнирінде сәтсіз өнер көрсетті.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық екінші айналымда италиялық Маттео Берреттинимен кездесіп, екі сетте 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Бублик жарысты ерте аяқтады.
Ал оның қарсыласы үшінші кезеңге өтіп, келесі айналымда Мариано Навоне мен Валантен Вашро жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, Майами турнирінің жүлде қоры 9,4 миллион доллардан асады. Жеңімпаз 1,15 миллион доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»