2 күн бұрын
Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды
Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өзара кездесті.
Екінші айналым аясындағы матчта әлемнің екінші ракеткасы Рыбакина қарсыласын екі — 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастаса, Путинцева бірінші кезеңде индонезиялық Джанис Тьенді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңген еді.
Майами турнирінің жүлде қоры 9,4 миллион доллардан асады. Жеңімпаз 1,15 миллион доллар және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»