Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Рыбакина Майамиде қанша сыйақыға ие болды?

Рыбакина Майамиде қанша сыйақыға ие болды?

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, WTA рейтингінде екінші орындағы теннисші Елена Рыбакина Майами (АҚШ) қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде сенімді түрде старт жасады.

Екінші айналымда ол өз отандасы Юлия Путинцеваны (75-ші орын) 2:0 (6:3, 6:3) есебімен жеңді. Бұл жеңіс Рыбакинаға үшінші айналымға өтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, 61 865 доллар сыйақы мен 65 рейтингтік ұпайды қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Рыбакина турнирге екінші раундтан бастап қатысып отыр, өйткені ол жоғары сеялденген. 2026 жылғы турнирдің жалпы сыйақы қоры 9 415 725 долларды құрайды, ал жеңімпаз 1 151 380 доллар және 1000 WTA ұпайын алады. Ағымдағы чемпион – әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»