20 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Майамиде сенсация жасады
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 84-орын) АҚШ-та өтіп жатқан Майами қаласындағы ATP 1000 турнирінде сенсациялық жеңіске жетті.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Бен Шелтонмен кездесті. Фаворит саналған қарсыласына қарамастан, Шевченко жігер танытып, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 6:7 (3:7), 7:6 (7:3), 6:3. Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды.
Осылайша, Александр Шевченко турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Келесі кезеңде ол франциялық теннисші Уго Умбермен (34-орын) кездеседі. Ойын 23 наурыз күні сағат 20:00-де өтеді.
Айта кетейік, Майами турнирінің жеңімпазы 1 151 380 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»