Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

20 сағат бұрын

Рыбакинаның Майамидегі қарсыласы кім болмақ?

Рыбакинаның Майамидегі  қарсыласы кім болмақ?

Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның (WTA рейтингінде 2-орын) 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды.

Егер Рыбакина үшінші айналымда украиналық Марта Костюкті (28-орын) жеңсе, келесі кезеңде ол Ива Йович (АҚШ, 17-орын) пен Талия Гибсон (Аустралия, 68-орын) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, үшінші айналымда Талия Гибсон сенсация жасап, жапониялық теннисші Наоми Осаканы (15-орын) екі сетте жеңді — 7:5, 6:4.

Еске салайық, Елена Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, отандасы Юлия Путинцеваны (75-орын) 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»