Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Шевченко Майамидегі сенсациядан кейін мәлімдеме жасады

Шевченко Майамидегі сенсациядан кейін мәлімдеме жасады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің екінші айналымында америкалық Бен Шелтонды сенсациялық түрде жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.

Матчтан кейінгі сұхбатында қазақстандық спортшы ойын барысында бар күшін салғанын айтты.

— Осындай деңгейдегі ойыншыларға қарсы ойнау үшін әрдайым 100 пайыз дайын болу керек. Мен шыдадым. Бір сәтте шаршадым, бірақ кейін қайта қарқын алып, энергиямды қалпына келтірдім, — деді Шевченко.

Сондай-ақ ол командасының қолдауы маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

— Бұл арнайы стратегия емес. Мен эмоцияға берілетін адаммын. Командамның энергиясы маған қатты көмектесті. Кейде бүкіл стадион қарсы болғанда, сені қолдайтын бірнеше адам болса да жеткілікті, — деп қосты теннисші.

Еске салсақ, Александр Шевченко бұл кездесуде Бен Шелтонды үш сетте — 6:7, 7:6, 6:3 есебімен жеңді. Енді ол турнирдің үшінші айналымында франциялық Уго Умбермен кездеседі.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»