Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Әмір Омарханов Тунистегі ITF M15 турнирінің чемпионы атанды

Әмір Омарханов Тунистегі ITF M15 турнирінің чемпионы атанды

18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов (ATP live-рейтингісінде 643-орын) Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz

Осы табысынан кейін отандасымыз кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартты.

Турнирдің бас жүлдесі сарапқа салынған шешуші матчта Омарханов жарыстың басты фавориті, түркиялық Мерт Алкаямен (383-ші ракетка) кездесті. Үш сетке созылған тартысты бәсеке 7:5, 1:6, 7:5 есебімен Әмірдің жеңісімен аяқталды. Бірінші партияда басым түскен қазақстандық спортшы екінші кезеңде есе жібергенімен, шешуші сәтте қайсарлық танытып, жеңісті жұлып алды.

Бұл жетістік Омархановқа кәсіби мансабындағы төртінші титулын сыйлады. Бұған дейін Әмір Тунистегі турнирлердің жекелей және жұптық сынында үздік шықса, Испанияның Манакор қаласында өткен жарыста жұптық сында топ жарған болатын.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»