5 сағат бұрын
Елена Рыбакина: қарсыласымды танымаймын
«Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина Майамидегі WTA-1000 турнирінің алдағы матчы туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Шынымды айтсам, мен оны танымаймын. Биылғы маусымда өте жақсы ойнап жүргенін білемін. Әрине, алдымен командаммен сөйлесіп, оның матчтарын қарап, барынша жақсы дайындалуға тырысамын.
Әрине, менің басты артықшылығым — бұл сервисім. Соған басымдық беруім керек. Ал матчтың қалай өтетінін уақыт көрсетеді», – деді Рыбакина Tennis Channel студиясында.
Айта кетейік, отандасымыз төртінші айналымында австралиялық Талия Гибсонмен жолығады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов