2 сағат бұрын
Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің төртінші айналымына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина (әлемнің 2-ші ракеткасы) Miami Open турнирінің үшінші кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жерлесіміз екі сет қорытындысы бойынша Украина өкілі Марта Костюкті (WTA рейтингісінде 27-орын) қапы қалдырды.
Кездесу 6:3, 6:4 есебімен Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды. Елена өз соққыларына нық болып, маңызды сәттерде басымдық таныта білді, бұл оған матчты екі партияда аяқтауға мүмкіндік берді.
Майами турнирінің ширек финалына жолдама алу үшін Елена Рыбакина аустралиялық теннисші Талия Гибсонмен (WTA рейтингісінде 68-орын) күш сынасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»