6 күн бұрын
Соболенко Майамиде ширек финалға шықты
Әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік теннисші Арина Соболенко Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда Соболенко қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:3, 6:4.
Енді ширек финалда беларусь спортшысы америкалық Хейли Баптистке қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Арина Соболенко — Майами турнирінің қазіргі чемпионы. Өткен жылы ол финалда америкалық Джессика Пегуланы жеңіп, титулды иеленген еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»