6 күн бұрын
WTA Елена Рыбакинаның жарқын жеңісіне баға берді
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Майами турниріндегі әсерлі жеңісіне пікір білдірді.
Әлемнің екінші ракеткасы 1/8 финалда австралиялық Талия Гибсонды екі сетте сенімді түрде жеңді. Матчтың соңғы сәті ерекше есте қалды — Рыбакина жеңісті эйспен түйіндеді.
WTA ресми парақшасында:
«Елена Рыбакина ширек финалға эйс арқылы жолдама алды!» — деп жазып, ойын сәтінен видео жариялады.
Енді қазақстандық теннисші ширек финалда америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»