6 күн бұрын

Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды

Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майами турнирінің ширек финалында америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Пегула алдыңғы кезеңде румыниялық Жаклин Кристианды жеңіп, келесі айналымға өткен.

Айта кетейік, Рыбакина бұл турнирде үш жеңіске жетті. Ол отандасы Юлия Путинцеваны, украиналық Марта Костюкты және австралиялық Талия Гибсонды жарыс жолынан шығарды.

Майами турнирінің жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»