5 күн бұрын

Елена Рыбакина бүгін шешуші матч өткізеді

Елена Рыбакина бүгін шешуші матч өткізеді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан турнирдің ширек финалында америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Кездесу бүгін өтеді және Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.

Бұған дейін Рыбакина турнир барысында Юлия Путинцеваны, Марта Костюкты және Талия Гибсонды жеңген болатын. Ал Пегула Франческа Джонс, Лейла Фернандес және Жаклин Кристианнан басым түсті.

Айта кетейік, Майами турнирі 17-28 наурыз аралығында өтуде. Жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»