4 күн бұрын
Рыбакина Майами турнирінде рекорд орнатты
Қазақстанның үздік теннисшісі және әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде маңызды статистикалық көрсеткішке қол жеткізді.
Ширек финалда әлемнің бесінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен өткен матчта қазақстандық теннисші 15 эйс жасап, турнирдің биылғы маусымындағы бір ойындағы ең үздік нәтижені тіркеді.
Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылып, Рыбакина үш сетте жеңіске жетті — 2:6, 6:3, 6:4. Матч барысында ол төрт қос қателік жібергенімен, сәтсіз басталған ойынды өз пайдасына бұрып, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Енді Рыбакинаның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы белоруссиялық Арина Соболенко мен америкалық Хейли Баптист (әлемдік рейтингте 45-орын) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Miami Open-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпай еншілейді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»