3 күн бұрын
Рыбакина – Соболенко матчы екі сетте аяқталды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнады.
Кездесу екі сетке созылып, 6:4, 6:3 есебімен Соболенконың пайдасына шешілді.
Осылайша, белоруссиялық теннисші финалда америкалық Кори Гауффпен (4-орын) кездеседі. Жеңіске жеткен жағдайда ол бұл турнирдің чемпионы атанып, титулын қатарынан екінші жыл қорғайды.
Айта кетейік, Майами турнирі 17-28 наурыз аралығында өтуде. Жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»