9 сағат бұрын
Қазақстанның бірінші ракеткасы ТОП-5-тен шығып қалды
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жұптық сындағы жаңартылған рейтингі жарияланды.
Рейтингтің көшін бельгиялық Элизе Мертенс бастап тұр. Екінші орында — чехиялық Катерина Синякова, ал үшінші орынды италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани бөлісуде.
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина үш сатыға төмендеп, жетінші орынға жайғасты. Оның серіктесі, сербиялық Александра Крунич сегізінші орында қалды.
Айта кетейік, Паолини мен Эррани өткен аптада Майамиде өткен WTA 1000 турнирінің финалына дейін жетіп, АҚШ өкілі Тейлор Таунсенд пен Катерина Синякова жұбына жол берген болатын. Осы жеңістен кейін Таунсенд екі сатыға жоғарылап, бесінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»