8 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Бухарестте өтетін ATP 250 санатындағы турнирге қатысады.
Ол жарысты бірінші айналымнан бастап, румыниялық теннисші Раду Давид Цуркануға қарсы матчпен бастайды. 20 жастағы қарсыласы әлемдік рейтингте 658-орында тұр және турнирге ұйымдастырушылар берген арнайы шақырту (wild card) арқылы қатысуда.
Бухаресттегі ATP 250 турнирі 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 612 мың еуроны құрайды.
Айта кетейік, Александр Шевченко қазіргі таңда ATP рейтингінде 84-орында тұр және 2024 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»