26.06.2023

Алексей Луценко Жазғы Спартакиаданың жеңімпазы атанды

Алексей Луценко Жазғы Спартакиаданың жеңімпазы атанды

Алексей Луценко

Талдықорған қаласында тас жолдағы велоспорттан ҚР VI Жазғы Спартакиадасы аяқталды. Соңғы жарыс күнінде ерлер мен андерлер 164 шақырымды (5 айналым) құрайтын топтық сайыста сынға түсті. Велошабандоздарға Жоңғар Алатауы тау бөктері арқылы, қиын әрі бұралмалы бұрылыстарға толы жолмен жүруге тура келді.

Нәтижесінде Спартакиада жеңімпазы атағын ұлттық құрама көшбасшысы, Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Алексей Луценко жеңіп алды. Мәреге 20 шақырым қалғанда Луценко қарсыластарынан ұзап кетіп, сызықты жеке дара кесті. Екінші орынды жеңімпаздан 2 минут 5 секундқа қалып қойған Ақмола облысының шабандозы Евгений Гидич иеленді. Үздік үштікті Солтүстік Қазақстан облысының тағы бір спортшысы Даниил Марухин түйіндеді.

Андерлер арасында (U23) Николя Винокуров (СҚО) Қазақстан чемпионы атанса, Андрей Ремхе (Алматы облысы) күміспен күптелді. Қола жүлде Оркен Сламжановқа (Жетісу облысы) бұйырды.

Елдос Сайдалин қазақстандық боксшылардың жетістігіне не әсер еткенін айтты 

Бокс 50 минут бұрын

Елдос Сайдалин қазақстандық боксшылардың жетістігіне не әсер еткенін айтты 

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Футбол 60 минут бұрын

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды құттықтады

Бокс 1 сағат бұрын

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды құттықтады

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшылар жеңісін кімге арнайды

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшылар жеңісін кімге арнайды

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» клубымен ойнайды

Футбол 2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» клубымен ойнайды

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылды

Футбол 2 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылды