5 күн бұрын
Қазақстандық теннисші Чарльстондағы жарыстан шығып қалды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирде жарысты ерте аяқтады.
Әлемнің 72-ракеткасы екінші айналымда америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, 6:4, 4:6, 5:7 есебімен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, бұл қарсыластар бұған дейін үш рет кездесіп, барлығында америкалық теннисші жеңіске жеткен болатын. Осылайша, олардың жеке кездесулеріндегі есеп 4:0-ге жетті.
Енді Джессика Пегула үшінші айналымда италиялық Элизабетта Кочареттомен кездеседі.
Еске салайық, Чарльстондағы WTA-500 турнирі 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтуде.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан