5 күн бұрын
Путинцева жұптық сында жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің жұптық бәсекесінде сәтті өнер көрсетті.
Бірінші айналымда Путинцева италиялық Элизабетта Коччареттомен бірге Тайвань өкілдері Хао-Чин Чань мен Фа-Сянь Уды 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.
Келесі кезеңде қазақстандық-италиялық жұп грузиялық Екатерина Горгодзе мен мексикалық Рената Сарасуаға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, жекелей сында Юлия Путинцева екінші айналымда америкалық Джессика Пегуладан жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан