4 күн бұрын
Қазақстандық теннисші жартылай финалға жолдама алды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Путинцева италиялық Элизабетта Коччиареттомен бірге ширек финалда грузиялық Екатерине Горгодзе мен мексикалық Рената Сарасуаны жеңді. Қазақстандық-италиялық жұп алғашқы сетте жеңілгеніне қарамастан, камбэк жасап, кездесуді өз пайдасына шешті — 3:6, 7:5, 10:7.
Матч 1 сағат 42 минутқа созылды.
Осылайша, Юлия Путинцева мен Элизабетта Коччиаретто турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде олар америкалық теннисшілер Дезире Кравчик пен Кэти Макналлиге қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан