2 күн бұрын
Қазақстандық ағайынды спортшылар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық үстел теннисі шеберлері, ағайынды Дастан мен Айдос Кенжіғұлов Аустрия кубогында жақсы нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айдос Кенжіғұлов кубок иегері «Штоккерау» клубының құрамында өнер көрсетеді. Оның командасы финалда «Вельс» командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнир тарихында төртінші рет жүлдегер атанып отыр.
Айдос финалдық кездесуде бір матч өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен қапы қалдырды.
Дастан Кенжіғұлов «Баден» клубының құрамында жарысқа қатысып, турнирдің қола жүлдесін алды. Осылайша, екі ағайынды қазақстандық спортшы да Аустрия кубогында жүлделі орындарға ие болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан