16 сағат бұрын
Қазақстандық теннисшілердің жаңа рейтингтері белгілі болды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.
Жаңартылған тізімде алғашқы үштік өзгеріссіз қалды. Беларусь өкілі Арина Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы атанса, қазақстандық Елена Рыбакина екінші орнын сақтап қалды. Үздік үштікті америкалық Кори Гауфф түйіндеді.
Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева екі сатыға төмендеп, 74-орынға жайғасты. Зарина Дияс 306-орнын сақтап қалды. Ал Жібек Құламбаева бірден 16 орынға көтеріліп, рейтингте 406-сатыға шықты.
Сонымен қатар, швейцариялық Белинда Бенчич 11-орынға көтеріліп, үздік ондыққа жақындай түсті. Ал чехиялық Каролина Мухова бір саты төмендеп, 12-орынға түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан