Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Бублик ATP рейтингінде нешінші орында?

Бублик ATP рейтингінде нешінші орында?


Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Жаңартылған тізімде испаниялық Карлос Алькарас әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Екінші орында италиялық Янник Синнер тұрса, үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз позициясын сақтап, 11-орында қалды. Елдің екінші теннисшісі Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 77-орынға жайғасты. Ал Тимофей Скатов төрт орынға жоғарылап, қайтадан ТОП-200 қатарына енді — қазір ол 198-орында.

Сондай-ақ, америкалық Бен Шелтон сегізінші орынға көтеріліп, үздік ондықтағы орнын жақсартты. Ол отандасы Тейлор Фритцті тоғызыншы орынға ығыстырды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан