Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Billie Jean King Cup: Қазақстан - Када кездесуінде есеп теңесті

Billie Jean King Cup: Қазақстан - Када кездесуінде есеп теңесті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Billie Jean King Cup іріктеу кезеңінің екінші матчында Канада құрамасы Қазақстанмен есепті теңестіре алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

19 жастағы отандасымыз Соня Жиенбаева тартысты өткен кездесуде US Open турнирінің экс-чемпионы Бьянка Андреескуге жол берді – 4:6, 6:7 (4:7).

Бірінші сеттегі жалғыз брейк партия тағдырын шешсе, екінші кезеңде Соня нағыз мінез көрсетті. Жиенбаева ойынды барынша ширатып, қарсыласына айтарлықтай қысым көрсетті. Нәтижесінде ойын тай-брейкке дейін ұласты. Соня матч тізгінін үшінші сетке аударуға өте жақын болды, алайда шешуші сәттерде Андрееску тәжірибесінің арқасында қателіктерді азайтып, жеңісті жұлып әкетті. Жеңіліске қарамастан, Жиенбаева өзінің қайсар мінезі мен әлемдік деңгейдегі теннисшілермен терезесі тең ойнай алатынын дәлелдеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан