2 сағат бұрын
Александр Бублик беделді турнирде Алькарастан есе жіберді
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик (ATP рейтингінде 11-орын) Монте-Карлода өткен ATP 1000 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы ойнады. Матч бір сағат үш минутқа созылып, фавориттің екі сетте жеңісімен аяқталды — 6:3, 6:0. Осылайша, Бублик турнирді ширек финал кезеңінде аяқтады.
Бұған дейін, үшінші айналымда қазақстандық теннисші чехиялық Иржи Лехечканы (ATP рейтингінде 13-орын) 6:2, 7:5 есебімен сенімді түрде жеңген еді.
2026 жылы Монте-Карлодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 6 309 095 еуроны құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов