6 сағат бұрын
Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алады
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде канадалық Бьянка Андреескуға қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық теннисші 3 сағат 40 минутқа созылған тартысты ойында үш сетте жеңіске жетті. Есеп: 7:6 (7:5), 3:6, 7:6.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Канаданы 3:1 есебімен жеңді.
Іріктеу кезеңінің жеңімпазы бес матчтан тұратын серияда алғаш болып үш жеңіске жеткен команда болады. Турнирдің финалдық кезеңі күзде Қытайда өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов