23.05.2024

Ролан Гаррос турнирі: Михаил Кукушкин іріктеу жарысының финалына өтті

Ролан Гаррос турнирі: Михаил Кукушкин іріктеу жарысының финалына өтті

Қазақстандық, әлемнің 135-ракеткасы Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына өтті.

Франция ашық чемпионатында талай рет бақ сынаған 36 жастағы теннисші бұл жолы іріктеу сайыстарының жартылай финалында аустралиялық Ли Тудың меселін қайырды.

М.Кукушкин матчты 6:4, 6:2 есебімен аяқтады. 1 сағат 16 минутқа созылған бәсекеде ол 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ту 1 эйс, 1 брейктен (2 брейк-пойнт) аса алмады.

Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 206-ракеткасы, италиялық Франческо Маэстреллимен шеберлік таластырады. Оны ұтса, Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Қытайды жеңгенін жазған болатынбыз.


ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 1 күн бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады