24.05.2024

Ролан Гаррос турнирі: Елена Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Ролан Гаррос турнирі: Елена Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Парижде Франция ашық чемпионатында Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.

Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 86-орында тұрған бельгиялық Гретье Минненмен шеберлік байқасады. 

Қос теннисші осыған дейін 2020 жылы Аустралия ашық чемпионаты мен Страсбургте (Франция) өзара кездесіп, екеуінде де Рыбакина басым түскен еді. 

Өткен жылы Е.Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, содан кейін денсаулығына байланысты испаниялық Сара Соррибес-Тормомен бәсекеге шығудан бас тартқан болатын.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингіде 35-сатыдағы америкалық, 2017 жылғы АҚШ чемпионатының жеңімпазы Слоан Стивенспен кортқа шығады. Биыл Ю.Путинцева С.Стивенсті Рим WTA 1000 жарысында 6:3, 6:2 есебімен жеңді. 

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды. 

Әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко рейтингіде 82-орындағы ресейлік Аслан Карацевтан өтуге тырысып көреді. 

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында италиялық Франческо Маэстреллиді ұтса, негізгі жарысқа қосылады.

Сондай-ақ Ролан Гаррос додасында жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов бақ сынайды. 

Франция ашық чемпионаты 26 мамырда басталып, 9 маусымда мәресіне жетеді.

А.Шевченко Женева (Швейцария) ATP 250 турнирінің ширек финалында италиялық Флавио Коболлиден жеңіліс тапты – 4:6, 4:6. Сөйтіп ол жартылай финалдан тыс қалды. 


ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 1 күн бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады