29.05.2024

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына шықты

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 112-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен бетпе-бет келді.

Бублик 6:4, 7:5, 6:3 есебімен үш сетте жеңіске жетті.

Екі сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында ол 11 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.

Баррер 2 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бубликтің келесі қарсыласы — әлемнің 41-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфф.

Ол бастапқы кездесуінде рейтингіде 144-сатыдағы аргентиналық Роман Андрес Бурручагадан айласын асырды — 6:3, 6:2, 6:1.


ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 24 сағат бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады