04.07.2024
«Ордабасы» Беларусь қақпашысын қатарына қосты

Жазғы трансферлік маусымда «Ордабасы» сапына беларусьтік Сергей Игнатович қосып отыр, деп хабарлайды Sport12.
Аталған қақпашы осыған дейін Беларусь лигасында ойнаған. Ол «Шахтер» Солигорск, «Ислочь», «Минск», «Динамо» Брест, «Динамо» Минск сапында ойнады.
Бұдан бөлек, Беларусь ұлттық құрамасының сапында 9 ойынға қатысқан.
«Ордабасы» 10 шілде күні Молдованың «Петрокубын» өз алаңында қабылдаса, қарымта ойынды 17 шілдеде өткізеді.
