10 сағат бұрын

Әмір Омарханов Бейжіңдегі ірі турнирде үздік шықты

Әмір Омарханов Бейжіңдегі ірі турнирде үздік шықты

Фото: Қазақстан теннис федеарциясы

Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Әмір Омарханов Қытай астанасы Бейжіңде аяқталған ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирінің чемпионы атанды. Бұл жөнінде Kazinform жазды.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 15-орында тұрған Әмір жартылай финалда сербиялық Ожен Миличтің (56 ITF Juniors) меселін қайырды.
Бастапқы партияда қазақстандық теннисші 0:6 есебімен есе жібергенімен, кейін мінез көрсетіп, жинала білді – 6:1, 6:3.

Ә.Омарханов финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингпен (19 ITF Juniors) шеберлік байқасты. Бұл жолы да Әмір камбэк жасай алды. Бірінші сетте ұлыбританиялық теннисші тай-брейкте басым түскенімен, содан кейін Қазақстанның жас жұлдызы ойын тізгінін қолына ала білді – 6:0, 6:4.

Бұл – Ә.Омархановтың жекелей сында ITF Juniors додаларындағы алтыншы титулы. Бұдан бұрын Қарағанды теннис мектебінің түлегі Таиландта (J300), Кореяда (J300), Мысырда (J100), Грузияда (J60) және Қарағандыда (J60) үздік шыққан еді.

Бейжіңдегі табысы арқасында Әмір дүйсенбіде жаңартылатын ITF жасөспірімдер рейтингісінде ТОП-10-ға кіреді.

Шаңғымен тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко төртінші орын алды

Футбол 44 минут бұрын

Шаңғымен тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко төртінші орын алды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогында ел құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алды

Басқа 45 минут бұрын

Спорттық гимнастикадан әлем кубогында ел құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алды

Поль Погба «Ювентустан» кетеді

Футбол 1 сағат бұрын

Поль Погба «Ювентустан» кетеді

Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Теннис 1 сағат бұрын

Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Абиба Абужақынова Абу-Дабиде өтетін Grand Slam кезеңіне қатысады

Дзюдо 1 сағат бұрын

Абиба Абужақынова Абу-Дабиде өтетін Grand Slam кезеңіне қатысады

Әмір Омарханов Бейжіңдегі ірі турнирде үздік шықты

Теннис 10 сағат бұрын

Әмір Омарханов Бейжіңдегі ірі турнирде үздік шықты