11.10.2024

ATP 250 Almaty Open турнирі қалай өтеді?

ATP 250 Almaty Open турнирі қалай өтеді?

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

ATP 250 Almaty Open турнирінің басталуына екі күн қалды. Almaty Arena аумағында БАҚ өкілдері үшін «Медиа-күн» ұйымдастырылды.

Журналистер мен блогерлер алдағы турнир туралы толық ақпарат алды, оларды Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қарсы алды, ол ATP 250 Almaty Open турнирі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Медиа-күн» аясында болашақ турнирді түсіретіндерге, ол туралы жазатындарға, репортаждар жасайтындарға және трансляцияларға түсініктеме беретіндерге семинар өткізілді. Теннис шолушысы Александр Ляхов теннистің ережелері, тарихы және маңызды сәттері туралы айтты. Үздік теннис журналистерінің бірі Қуандық Шынасилов қазақ тілінде теннис материалдарын жазу ерекшеліктеріне тоқталды. Комментатор Тимур Сүлейменов тікелей эфирдегі жұмыстың қыр-сыры, трансляцияда не айтылуы керек және не айтылмайтыны, «теннис тілі» деген не екендігі туралы айтып берді.

Журналистер қазақстандық және әлемдік теннистің өсіп келе жатқан жұлдызы, жасөспірімдер рейтингі әлемінің 16-шы ракеткасы, қарағандылық Амир Омархановтың жаттығуын тамашалады, содан кейін оған өз сұрақтарын қойды.

Ертең 12 қазанда АТР 250 Almaty Open турнирінің жеребесі өтеді. Матчтар 13 қазанда басталады, финал 20 қазанға жоспарланған.

Он екінші финал! Айбек Оралбай нокдаунмен қарсыласын жеңді

Бокс 58 минут бұрын

Он екінші финал! Айбек Оралбай нокдаунмен қарсыласын жеңді

Он бірінші финал! Сабыржан Аққалықов тартысты айқаста басым түсті

Бокс 1 сағат бұрын

Он бірінші финал! Сабыржан Аққалықов тартысты айқаста басым түсті

Ертуған Зейнуллинов - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 2 сағат бұрын

Ертуған Зейнуллинов - Әлем кубогының қола жүлдегері

Оныншы финал! Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетті

Бокс 2 сағат бұрын

Оныншы финал! Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетті

Тоғызыншы финал! Надежда Рябец сенсациялық жеңістің авторы атанды

Бокс 2 сағат бұрын

Тоғызыншы финал! Надежда Рябец сенсациялық жеңістің авторы атанды

Аида Әбікеева - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 2 сағат бұрын

Аида Әбікеева - Әлем кубогының қола жүлдегері