26.10.2024
Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионатын сәтті бастады

Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті
Албания астанасы Тирана қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан (97 келі)ширек финалға шықты.
Алғашқы белдесуінде қазақстандық балуан канадалық Уильям Ноксті жеңді.
Енді ол ширек финалда польшалық Владислав Козловпен кездеседі.
Айта кетсек, Ризабек қыркүйек айында Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды.
Өткен жылы қазақстандық балуан Сербия астанасы Белград қаласында болған ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
