18.01.2025

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Латвияны жеңді

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Латвияны жеңді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жолдастық кездесуде Латвияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Латвия – Қазақстан 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)
0:1 – 11:49 – Зубкова 
0:2 – 53:21 – Муравьева (Раковская) 

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы 20-26 қаңтар аралығында Латвия астанасы Рига қаласында әлем чемпионаты екінші дивизионның А тобында сынға түседі.

Дүбірлі додада олар Қытайлық Тайпей, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Нидерланд және Латвиямен сынға түседі. 

Бапкерлер құрама оған қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады. Оған барлығы 20 хоккейші енгізілген. Олардың қатарында 2 қақпашы мен 18 ойыншы бар. 

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Айсулу Тандаулы»);
Қорғаушылар: Зере Жұмаш, Әмина Маратханқызы (екеуі - «Жұлдыз», Алматы), Медина Кишекеева, Вероника Халикова (екеуі - «Айсұлу Таңдаулы»), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы (екеуі - «Торпедо», Өскемен), Калима Нигматулина («Юность-Грация»,Қарағанды);
Шабуылшылар: Эвелина Емцева, Василиса Шуклина (екеуі - «Айсұлу Таңдаулы»), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, София Муравьева барлығы - «Юность-Грация»), София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Златоцвета Феоктистова (барлығы - «Торпедо», Өскемен), София Раковская («Айсұлу», Алматы).



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас