24.01.2025
Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогында сынға түсті
Фото: olympic.kz
Италияның Антхольц-Антерсельве қаласында биатлоннан әлем кубогы жалауын желбіретті.
Алғашқы медальдар әйелдер арасындағы спринтте сарапқа салынды.
7,5 шақырымдық, 2 ату айлағы бар трассада үш қазақстандық спортшы бәсекеге түсті.
Отандастарымыздың арасында үздік нәтиже көрсеткен – Ольга Полторанина. Ольга қорытынды кестеде 78-ші орынға табан тіреді. Ал қалған қыздарымыз Полина Егорова – 89-шы, Елизавета Белецкая – 93-ші орынды місе тұтты.
Бұл жарыста франциялық Лу Жанмонно чемпион атанды. Күміс жүлде германиялық Селина Гротианға бұйырса, үздік үштікті неміс қызы Франциска Пройс түйіндеді.
Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 18:00-де ерлер спринт сайысынан жарыс жолына шығады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи