28.01.2025
Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирдегі алғашқы қарсыластарын білді
Францияның Монпелье қаласында АТР-250 сериясындағы турнир (хард) басталды.
Бұл жарысқа Қазақстанның екі өкілі — Александр Бублик пен Михаил Кукушкин қатысады.
Бұл турнирде Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Бублик чемпиондық атағын қорғауы керек. Өткен жылы финалда ол хорват Борна Чоричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Биыл Монпельедегі жолын Бублик екінші айналымнан бастайды, бірінші кезеңді өткізіп жібереді. Оның алғашқы кездесуіндегі қарсыласы анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалға өту үшін неміс Доминик Кёпфермен ойнайды. Кёпфер алғашқы айналымда француз Грегуар Баррерді 6:4, 7:6 есебімен жеңген.
Ал тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші айналымда грузиялық Николоз Басилашвилимен кездеседі. Басилашвили турнирдің негізгі сеткасына іріктеу кезеңі арқылы өткен.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас