13 сағат бұрын
Александр Бублик АТР турнирінің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпельеде өтіп жатқан турнирді сәтті бастады.
Жекелей санатта бақ сынаған Александр Бублик (АТР рейтингінде 39 орын) доданың алғашқы айналымында неміс теннисшісі Доминик Кепфермен (АТР рейтингінде 118 орын) кездесу өткізді.
1 сағат 10 минутқа жалғасқан матч, 6:4; 6:2 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды.
Александр ширек финалда италиялық Матиа Белуччи мен америкалық Александр Ковачевич жұбының жеңімпазымен келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.
Еске салсақ, Александр Бублик аталған турнирде өткен жылы топ жарған болатын.