3 сағат бұрын
Александр Бублик АТР турнирін алғашқы кезеңнен аяқтады
Фото: instagram/bublik
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP-500 турнирінде алғашқы айналымнан сүрінді.
Бублик (АТР: 49 орын) жарыстың 1/16 финалында қарсыласы 19 жасар Якуб Меншикке (АТР: 47 орын) жол берді.
Тура 1 сағатқа созылған матчта чехиялық теннисші отандасымыздан 0:2 (4:6; 4:6) есебімен басым түсті.
Енді Якуб келесі кезеңде аустралиялық Алекс де Минормен (АТР: 8 орын) ширек финал жолдамасын сарапқа салады.