3 сағат бұрын
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы мансабын аяқтады
Әлемнің экс бірінші ракеткасы Симона Халеп спорттық мансабын аяқтады.
«Үлкен дулыға» турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Симона Халеп тенниспен қош айтысты.
33 жасар теннисші мансабын сонау 2006 жылы бастаған болатын. Осы аралықта ракетка шебері WTA аясында 25, ITF аясында 6 турнирде чемпион атанды. Әлемдік рейтингтің шыңына 2017 жылдың 9 қазанында табан тіреген. Ал WTA рейтингісіндегі соңғы көрсеткіші 870-ші саты болды.
Еске салсақ, жақында теннисші өз елі Румынияның Клуж-Напока қаласында өткен турнирде Люччи Бронцеттиге (1:6; 1:6) жол берген болатын.