3 сағат бұрын
Елена Рыбакина Mubadala WTA 500 турнирін турнирін жеңіспен бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті.
Жарыстың 1/8 финалында Рыбакина (WTA: 5 орын) америкалық Кети Волынецпен (WTA: 68 орын) кездесті.
2 сағат 29 минутқа созылған матчта Елена қарсыласынан 2:1 (2:6; 6:4; 6:4) есебімен басым түсті.
Енді отандасымыз байрақты бәсекенің ширек финалында Онс Жабер (WTA: 33 орын) мен Синобе Вакана (WTA: 837 орын) текетіресінің жеңімпазымен келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1,064,510 долларды құрайды