Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

11.02.2025

Денис Евсеев Бахрейнде өткен турнирді алғашқы айналымнан аяқтады

Денис Евсеев Бахрейнде өткен турнирді алғашқы айналымнан аяқтады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінде алғашқы кезеңнен сүрінді.

Жарыстың 1/16 финалында Денис (АТР: 266 орын) канадалық Алексис Галарноға (АТР: 178 орын) есе жіберді.
2 сағат 40 минутқа созылған матчта отандасымыз 1:2 (6:7; 7:6; 3:6) есебімен жеңіліс тапты.

Енді Алексис турнирдің 1/8 финалында ресейлік теннисші Илья Симакинмен (АТР: 332 орын) өзара мықтыны анықтайды.

Еске салсақ, отандасымыз Денис бір апта бұрын Испанияның Тенерифе қаласында өткен «Челленджер» турнирінің 1/16 финалында жергілікті теннисші Алехандро Моро Каниасқа жол берген болатын.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»