13.02.2025
Анна Данилина Дохадағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: WTA
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына сүрінбей өтті.
Жұптық сында ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге бақ сынаған отандасымыз жарыстың 1/8 финалында Сюка Аояма/Эри Ходзуми жұбын тізе бүктірді.
Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды. Нәтижесінде ойын 2:1 (4:6; 6:4; 6:10) есебімен Данилина бастаған ұжымның пайдасына аяқталды.
Енді ширек финалда Анна мен Ирина Мирра Андреева/Диана Шнайдер жұбына қарсы матч өткізеді. Аталған матч бүгін, 13 ақпан сағат 19:00-ге жоспарланған.
Осыған дейін Данилина/Хромачёва жұбы Қытайдың Ухань қаласында өткен WTA 1000 додасында топ жарған болатын.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 664 963 долларды құрайды.
