13.02.2025
2034 жылғы әлем чемпионаты ішімдіксіз өтеді
Фото: kech24.com
Сауд Арабиясында өтетін 2034 жылғы әлем чемпионатында алкогольдік сусындар сатылмайды.
Бұл туралы Сауд Арабияның Ұлыбританиядағы елшісі Халид бин Бандар әл-Сауд мәлімдеді.
— Ішімдіксіз де уақытты көңілді етіп өткізуге болады. Әр елдің салты басқа. Біздің мәдениетте ащы суға орын жоқ. Ішімдік құмарлар үшін өз менталитетімізді өзгерткіміз келмейді. Сіздер шынымен алкогольсіз өмір сүре алмайсыздар ма?,— деді әл-Сауд.
Еске салсақ, 2024 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында да ішімдікке тыйым салынған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи