15.02.2025
Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирде чемпион атана алмады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W35 турнирінің финалында жеңіліс тапты.
Италиялық Фосса Уэргомен жұп құрған Жібек жарыстың ақтық матчында Ю-Юн Ли (Тайвань)/Чангу Ли (Китай) командасына жол берді.
Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды. Нәтижесінде қарсылас ұжым 1:2 (2:6; 6:2; 6:10) есебімен жеңіске жетті.
