Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

16.02.2025

Лука Модрич «Реалдан» кете ме?

Лука Модрич «Реалдан» кете ме?

Лука Модричтің «Реалдағы» болашағы әлі белгісіз. 39 жастағы хорват футболшысының мадридтік клубпен келісімі 2024/25 маусымының соңына дейін жарамды. Алайда оның келісімшарты ұзартылатынына кепілдік жоқ. Себебі қазан айында Модрич 40 жасқа толады.

Nogomania мексикалық БАҚ-қа сілтеме жасап, атақты жартылай қорғаушының мансабын «Монтеррей» клубында жалғастыруы мүмкін екенін хабарлады.

Бұған қоса, оның ауысуына жақында осы мексикалық клубпен келісімшартқа отырған «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Серхио Рамос ықпал етуі мүмкін.

Модрич маусым айының басында «Монтеррейге» ауысуы мүмкін.

Хорватиялық футболшы 2012 жылдан бері испандық клубта ойнап келеді және оның тарихындағы ең титулды ойыншы саналады. Оның еншісінде 28 трофей бар:  бес Чемпиондар лигасы жеңісі, үш Ла Лига чемпиондығы және клубтық әлем чемпионатындағы бірнеше жеңіс бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»